2021 жылдың 26 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында колледжде студенттік парламенттің спорт және салауатты өмір салтын қалыптастыру фракциясының бастамасымен үстел теннисінен турнир өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты кеңінен насихаттау және мықты спортшыларды анықтау.
Кездесулердің қорытындысы бойынша жеке біріншілікте 366-топ студенті Кисель Екатерина жеңіске жетсе, екінші орынды 461-топ студенті Максим Исмагилов, үшінші орынды 3С тобының студенті Лазовская Дарья жеңіп алды.
Командалық есепте 366 топ чемпион атанды, Ⅱ орынды 461 топ, Ⅲ орынды 3С тобы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!